Балабақшада баланы басынан ұрған түркістандық тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Келес ауданында болды. Әлеуметтік желіде тараған видеода тәрбиешінің балаларды басынан ұрған сәтін анық көруге болады. Аталған жағдай бойынша пікір білдірген Түркістан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі тәрбиеші жұмыстан босатылғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалып жатқанын хабарлады.

«Келес ауданындағы «Ақмаржан» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі тарапынан тәрбиеленуші бүлдіршінге күш қолданылғаны бейнекамера арқылы анықталды. Қазіргі таңда тәрбиеші жұмыстан босатылды. Баланың анасы полиция бөліміне жазған арызы негізінде қылмыстық іс қозғалуда»-делінген басқарма тарапынан ұсынылған ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан алдын Келес ауданында сабақтан шыққан 11 сынып оқушылары төбелесіп, бірін бірі аяусыз тепкенін жазған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!