Отандық ғылымның имиджі онша емес. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Докторанттардың 1 пайызы қорғамайды. Тағы 1 пайызы қорғаса да университеттерге, ғылыми институттарға барғанда 3-4 жыл жұмыс істеп кеті,п қалады. Себептері де бар. Ең алдымен ғылымға бару мансап таңдау сияқты. Өкінішке орай, отандық ғылымның имиджі онша емес. Оны қабылдауымыз, мойындауымыз қажет. Мынадай жаман анекдот бар. Жас студент кітапханаға келеді. Кітапханашы: «қандай көмегім керек?», десе, студент: «Қазақстан ғылымы турады кітап іздеп жүрмін», депті. Сонда кітапханашы: «фантастика екінші қабатта», деген екен. Жаман анекдот. Жастардың пікірінше, ғылым не жоқ, не өте төмен деңгейде. Сондай пікір қалыптасқан. Негізінде мықты-мықты ғылыми мектептеріміз, жетекшілеріміз, ғалымдарымыз бар. Бірақ, оларды көрсете алмай отырмыз. Яғни, қазір ақпараттық кеңістікте мәлімет жетіспейді», – деді министр Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында.

Осы орайда Саясат Нұрбек еліміздің мықты ғалымдарын таныстыру бағытында арнаулы медиа-жоба әзірленіп жатқандығын ескертіп өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!