Аймағымызда жастар саясатын дамыту мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Бізбен бірге» қоғамдық қоры және «Qosyl»жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірімділік қадамдары» волонтерлік қозғалысы» әлеуметтік маңызы бар қызметінің аясында 2020 жылдың 11-ші қараша күні «Сапалы білім жарқын болашақ кепілі» қайрымдылық шарасы өткізілуде.

Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету болып табылады.

Бүгінгі күні әр түрлі санаттағы отбасыларға өңірлік қорлар көмегімен, кәсіпкерлер демеушілігі есебінен үлкенді кішілі қайрымдылық шаралар, акциялар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Осы сипаттағы шараға атсалысушы кәсіпкерлердің саны артып келе жатқандығы көңіл қуантады. Өздеріңіз куә болып отырған бүгінгі шара да жергілікті жас кәсіпкерлердің демеушілігі арқылы жүзеге асырылғалы отыр. 11 сынып оқушылары үшін жылы соңына дейін ақысыз негізде ҰБТ-ге (ұлттық бірыңғай тестілеу)  «New Study» оқу орталығынан үш оқушыға мүмкіндік жасап отыр. Қайрымдылық шарасы одан әрі  «Мирас» оқу орталығы даярлық курстарына бастауыш сынып оқушылары негізгі пәнді тереңдетіп оқытуға мүмкіндік сыйлаумен жалғасты.

Аталған шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Қазірдің өзінде қала ішінде қосымша білім беру оқу орталықтарымен келіссөздер жасалып оң көзқарас танытып отырған кәсіп иелері бар.

«QOSYL» қалалық жастар ресурстық

орталығының маманы

Бекен Ғалымжанұлы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!