Ғылыммен айналысқысы келетін жас ғалымдарға 500 мың теңге көлемінде шәкіртақы беріледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл турады ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Қыркүйектен бастап магистратура, PhD докторантура шәкіртақысын 20 пайызға өсірдік. Мысалы, қазір PhD докторларының шәкіртақысы 195 мың теңге. Оның үстіне биылдан бастап «Жас ғалым» бағдарламасының негізінде 1000 грант беріп жатырмыз. Шәкіртақысы 500 мың теңге. Яғни жас ғалымдардың ғылыммен айналысуына мүмкіндіктер бар», – деді ол.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/73162/?fbclid=IwAR3zFWtLaemYkBTgxIoAq6rwN1NK_LMU4QTM4XCRze3mz2iHPLt6VyPD7sM

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!