Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты №85 орта мектебінде «Мектеп. Кәсіп. Болашақ» мектеп жобасы аясында «Бастау» кәде сыйлар жасау шеберхана кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
Жобаның мақсаты – тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман, кәсіп иесі болуға тәрбиелеу. Ерте жастан балаларды кәсіпке баулу мақсатында жағдай мен оқушылар кәсібіне қолдау жасау.
Сонымен қатар оқушылардың болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілуі үшін кәсіптік бағдар беру, мамандықтардың қыр-сырын меңгерту, ойлау мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыру да басты назарда. Шеберхананың ашылуына Төретам кенті әкімінің орынбасары С.Есқалиева, Қармақшы аудандық білім бөлімінің Байқоңыр қаласындағы сектор меңгерушісі Ж.Тұраровна, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының маманы Ж.Оразбекова, академик С.А.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледж директорының орынбасары Н.Әлімбаева қатысып, шеберхананың лентасы қиылды. Жиында қонақтар оқушылардың жұмыстарымен танысып, кәде сый жасау шығыны мен пайдасы туралы ақпараттар алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!