Кәсіби біліктілікті арттыру үшін кейде түрлі мемлекетте қызмет ету керек болады. Бірақ шетелге шығу әрі жұмыс табу оңай емес. Ең оңтайлы шешім – арнайы компаниялар мен бағдарламалар арқылы тағылымдамадан өту. Назарыңызға шетелде кәсіби тағылымдама бағдарламасын ұсынатын сайттар тізімін ұсынамыз.

Internships

Түрлі салада, соның ішінде инженерия, IT, дизайн, бизнес және қаржы салалары бойынша АҚШ-та тағылымдамадан өтуге мүмкіндік аласыз. Бағдарламалардың бакалаврларға арналған (екінші курстан бастап), магистранттар (екі жыл) және түлектерге арналған түрлері бар. Компанияларға өтініш жіберу үшін сайтқа тіркелу керек.

WayUp

Ақысы төленетін тағылымдамалар және америкалық университеттердің студенттері мен түлектеріне арналған, жұмыс ұсы­натын сайт. Сайт білім деңгейіңізді, маман­дығыңызды және сіздің қалауыңызды ес­кере отырып, арнайы тағылымдама бағ­дарламасын ұсынады. Компанияларға өтінішті сайттан тікелей жібере аласыз.

EurActiv Jobs

Қаржы, маркетинг және басқару сала­лары бойынша Еуропа мемлекеттерінде тағылымдамадан өтуге не жұмыс табу­ға арналған сайт. Бакалавр және магис­транттарға арналған ұсыныстар да бар. Компанияларға өтінім жіберу үшін тір­ке­лудің қажеті жоқ, барлық байланыс құ­рал­дары қолжетімді.

EuroBrussels

Еуроодақ мемлекеттік құрылымдарын­дағы және сонымен байланысты компа­ниялардан тағылымдадан өтуді ұсынады. Сайтта заң, экономика және басқару саласындағы студенттер үшін төленетін және тегін тағылымдамалар көрсетілген. Кейбірі бакалавриатты екінші курсынан бастап қабылдайды. Өтінішпен бірге тү­йін­деме, ілеспе хат және ұсыныс хат талап етіледі.

Idealist

Адам құқығын қорғау, әлем бойынша кедейлікпен күресу және экологияны қорғау бойынша тағылымдама бағдар­ламасын ұсынады. Соның ішінде АҚШ, Азия және Африка елдерінен ұсыныстар көп. Көптеген компаниялар студенттерді тұрғын үй, тамақ, сақ­тандырумен қамта­масыз етеді немесе шәкіртақы төлейді. 

Human Rights Careers

Адам құқығын қорғау саласы бо­йын­ша тағылымдама ұсынатын тағы бір сайт. Тағылымдаманың басым бө­лі­гі Африка және Оңтүстік Азия мем­лекеттерінде өтеді. Студенттердің тә­жі­рибесін БҰҰ немесе Қызыл Крест сынды ірі құқық қорғау ұйымдары ұйым­дастырып, ақы­сын өтейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!