Әлеуметтік желіде Риддердегі мектептің екі оқушысы өзіне қол салғаны туралы ақпарат тараған. Көп ұзамай білім басқармасы бұл жайтқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап. 

Облыстық білім бөлімінің мәліметінше бұл деректер сабақтан тыс уақытта болған.

«Кәмелетке толмағандардың көз жұмғанын растаймыз. Бұл – студент пен 6-сыныпта оқитын қыз», – деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.

Әзірге кәмелетке толмағандардың неден көз жұмғаны белгісіз. Бастапқыда олар өздеріне қол салғаны туралы айтылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!