Асар мөлтекауданындағы балалар ауруханасында жаңадан іске қосылған оқу орталығында окнологиялық ауруға ем қабылдап жатқан балалар білімін жетілдіре алады.
Сондай-ақ, кішкентай пациенттер бейнелеу өнері, жеңіл құрылыс және робототехника, ағылшын тілі, қол өнер, шахмат, дойбы сияқты сыныптан тыс үйірме сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар.
Балалардың жан-жақты дамуына барлық қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер қарастырылған.
Іс-шараға қатысқан Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков тың жобаның жүзеге асуына сәттілік тіледі.
«Онкогематологияда ем алатын балаларымыз үшін бұл зор мүмкіндік болды. Өйткені балалардың психологиялық-эмоционалды деңгейін көтеруге, емдеуге бұл оқу орталығы көп көмегін берер деген үміттемін»-дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.
Айта кетейк, қайырымдылық жобасы «Help Today» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!