Кейбір мәліметтер бойынша, марқұм осы мектептің түлегі болған.
Шымкенттегі мектептердің бірінің спорт алаңында 20 жастағы жігіт асылып қалды. Қайғылы оқиға 17 қазанда сағат 2:20-да орын алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шымкент қаласының Тұран ауданының полициясына жедел медициналық жәрдем қызметкерлері қоңырау шалды. Олар Қазиев көшесіндегі қалалық мектептердің бірінің спорт алаңында жас жігіттің денесі табылғанын хабарлады, деп жазады otyrar.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Одан дене жарақаты анықталған жоқ, сондықтан мұны кісі өлтіру фактісі деп санауға әлі негіз жоқ. Полиция оқиға орнына жеткеннен кейін 15 минуттан соң марқұмның достары келіп, оның денесін құшақтап ұзақ жылады, – делінген басылымның хабарламасында.
Кейбір мәліметтер бойынша, марқұм осы мектептің түлегі болған (ақпарат нақтылану үстінде).
Белгілі болғандай, марқұм небәрі 20 жаста. Басылымның хабарлауынша, полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтап, отбасымен сөйлесіп, ықтимал куәгерлерді анықтауда.
Тексерулер жүргізілетін болады, соның ішінде мәйітке және басқаға да қатысты сараптамалар жасалады. Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап, жиналған материалдарды тергеушілерге беру үшін дайындауда.
Фото: unsplash
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!