Шымкентте мектеп директорына теріс діни ағым өкілдері қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айгүл Орынбектің айтуынша, теріс діни ағым өкілдері мектеп директорына дене жарақатын салған.
– Күні кеше Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапарды екі сақалды қазақ жігіттері келіп қылқындырып, ұрып, сүйрелеп дене жарақатын салып кеткен. Ал полиция қызметкерлері екі жігітті табудың орнына, “арыз-шағымым жоқ” деген қағаз жаздырып алып кеткен! Теріс діни ағымдарға және діни киім атрибуттарына шұғыл түрде заң қабылдауды талап етемін! – деп жазды Facebook парақшасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!