Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметінде балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, «Hawaii» лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жүзеге асырған, ал 2023 жылы бұл лагерьге 478 баланы орналастырған. Ең көбі 220 баладан аспайтын «Үш бұлақ» лагерінде 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған, – делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, лагерьлердің көптеген қызметкері еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсетіп жатыр.
Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ.
Тексеру іс-шаралары жалғасуда, нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!