Шымкентте 8-сынып оқушысы көз жұмды. Оқиғаға қатысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

8-сыныпта оқитын Азамат Тұрдалы дене шынықтыру пәнінде есінен танып құлаған. 14 жастағы жеткіншектің нақты неден өлгені әзірге белгісіз.

Жеткіншек бұрын-соңды денсаулығына шағым айтпаған. Тіпті ешқандай тіркеуде де тұрмаған. Дене шынықтыру пәні басталғаннан кейін бес минут өткенде есінен танып құлап, жедел жәрдем көлігіне саламыз дегенше жан тапсырған. Қайғылы жағдай болған кезде спортзалда 8-сыныптан бөлек, тағы 11-сыныпқа жаттығу болып жатқан. Қазір мектептің спортзалына мұғалімдер ырымдап күріш шашып, шеге қағып қойыпты. 

Азаматтың денесі бүгін Шымкентте жерленді. Ал мектептегі өлімге қатысты тексеру басталғанымен, полиция департаменті ешқандай да ақпарат бермеді. Көз алдында болған оқыс жағдайдан ұстаздары да есеңгіреп жүр. 

“Менің көз алдымда құлады, құлап бара жатып көзі аларын кетті. Бастаңа ештеңе жоқ. Артында Жанболат деген сыныптасы тұрған. Жүгіріп барып сұрадым, дәрігер шақырыңдар дедім. Келді, олар өз әрекетін жасады. Мен аяғына массаж жасадым. Жүрегі ісіп кеткен дейді. Ағасы бізге сөйтіп айтты, кеше барып хабарын алдық қой, бұрыннан осындай ма еді деп”, – дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлан Байсейітов.

Осыған дейін 8-сынып оқушысы мектепте көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!