фото: baq.kz
Елімізде соңғы қоңырауға және мектеп бітіру іс-шараларына байланысты бірқатар шектеу күшінде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі еске салғандай, соңғы қоңырауға және мектеп бітіру іс-шараларына байланысты бірқатар шектеулер күшінде. Соның ішінде мұғалімдерге сыйлық беру, ақша жинау, сынып ішінде дастархан жаю және ата-аналардан қаражат талап етуге болмайды.
Сонымен қатар, кафе, мейрамхана жалдау, автокөлік шеруін ұйымдастыру, ойын-сауық нысандарында шара өткізуге тыйым салынады. «Соңғы қоңырау» салтанатына әр оқушының тек бір ғана заңды өкілі қатыса алады.
2024-2025 оқу жылының соңғы қоңырауы 23 немесе 24 мамыр күндерінің бірінде соғылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!