Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы облыстардағы эпидемиологиялық ахуал туралы хабарлады.
Орталықтың мәліметінше, «қызыл» аймақтан Солтүстік Қазақстан шыққанымен, Нұр-Сұлтан қаласы кірген.
Астанамен қатар Павлодар облысы да «қызыл» аймақта тұр.
Ал «сары» аймақта Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Қалған өңірлердегі ахуал «жасыл» аймақ санатында тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!