Солтүстік Қазақстан облысында 2,2 мың бала кепілдендірілген әлеуметтік көмек алады, бұл мақсатқа биыл 95 млн теңге жұмсалды.

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, бүгінде мемлекеттен 10,5 мыңнан астам бала немесе оқушылардың 15 %, колледж студенттерінің 467-сі немесе 4 % көмек алады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 8,5 мыңнан астам жас немесе колледж студенттерінің 80 % оқиды. Әлеуметтік осал топқа ататын отбасылардың балалары толық тегін ыстық тамақпен қамтылған.

«2022-2023 оқу жылында 9-сынып түлектері үшін техникалық және кәсіптік орта білім ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс 300 орынға ұлғайтылды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен 2256 бала қамтамасыз етілді, бұл мақсатқа 95,2 млн теңге жұмсалды», — деді Марат Тасмағанбетов.

Өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жағдай жасауға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға, спорт пен саламатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ шығармашылықты дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жоспары жасалды. Жалпы Балалар жылы аясында жоспарланған іс-шараны жүзеге асыруға 15 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ, әкім орынбасарының айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы аясында соңғы жылдары облыста 4 жаңа мектеп салынды. Қазіргі уақытта Тайынша қаласында 600 орындық, Вишневка ауылында 120 орындық екі мектептің құрылысы жүріп жатыр.

2025 жылға дейін Петропавлда 3,3 мың бала сыятын тағы 4 мектеп іске қосылады.

«4 жыл ішінде 327 білім беру нысаны жөнделді. Бұл облыс мектептерінің 70 % жаңартуға және 40 мыңнан астам оқушы үшін жайлы және қауіпсіз оқу жағдайын жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде СҚО сапалы білім беру рейтингісінде екінші орыннан көрінді», — дейді Марат Тасмағанбетов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!