Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахи, Қызылорда қаласындағы №7, мектептің 11 сынып түлектері мен 125 high school мектебінің дүние жүзі тарихы мен Адам Қоғам Құқық пәнін таңдап ішкі істер органдарында қызмет атқарғысы келетін бітіруші түлектерімен кездесті.
Шараның басты мақсаты – ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсу талаптарын айту.
Оқушылар назарына жоғары оқу орны ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу алгоритімін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратылды. Академияға қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың балдарына сәйкес медициналық, физикалық және психофизикалық көрсеткіштер бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңіне киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі.
Академияның күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген таңдаушыға «әділет лейтенанты», «полиция лейтенанты» атағы беріліп, түлектердің әр қайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады. Сонымен қатар, оқу орны екі бағыт бойынша қызмет атқарады. Яғни, ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі және Қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандар даярлауға маманданған. Қостанай академиясына қабылданып жатқан түлектер базасының кеңеюіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқандығын жеткізді –№68 мекемесінің кадр маманы Д.Шахи.
Мөлдір Жолдасбекқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!