Денсаулық сақтау министрлігі неліктен бірнеше медициналық жоғары оқу орнында сынақ тапсырған студенттер бірдей төмен балл алғанын түсіндірді.
Еске сала кетейік, Ақтөбедегі медициналық жоғары оқу орны студенттерінің барлығы бірдей 60-70 балл алғанын мәлімдеген болатын. Бұл нәтиже резидентураға түсуге мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдай, олардың айтуынша, басқа өңірлерде де болған.Денсаулық сақтау министрлігі оның нақты себебін тауып, студенттердің пайдасына шешім шығарды. Студенттедің тәуелсіз емтиханда төмен баға алуына жүйедегі техникалық қате себеп болған. Жағдайды тексерген кезде тест кодтарында бірқатар техникалық сәйкессіздік анықталған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.»Жүйеде дұрыс ескерілмеген ұпайлар студенттің пайдасына қайта қаралады. Студенттердің білімін төмен бағалаудың себептерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, республикалық аппеляциялық комиссияға барлық техникалық іркіліс жойылғаннан кейін емтихандар нәтижелерін талдау және емтиханды қайтадан бастапқы тапсыруға жіберу туралы сұрау жіберіледі», – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!