Ұлттық бірыңғай тестілеуде қызылордалық түлек Сымбат Асылбек барлығы 140 сұрақтың 138-іне дұрыс жауап берді. Түлек Шиелі ауданындағы №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.
«Таңдау пәнім – қазақ тілі мен әдебиеті. Маған тест сұрақтары қиындық туғызған жоқ. Мектеп қабырғасында алған білімім мен қосымша дайындығымның арқасында осындай нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Сынып жетекшім әрі пән мұғалімі Гүлнар Қалмырза апайға және барлық пән мұғалімдеріне үлкен алғысымды білдіремін», – дейді Сымбат Асылбек.
Айта кетейік, ұлттық тест 30 маусымға дейін жүреді. Әзірге дейін Қызылорда облысы бойынша 138 балл ең жоғарғы балл қатарында. Ал, екі оқушы 137 балл еншіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!