К.Қаракөзов атындағы 235 орта мектебінде 50 жылдық мерейтойына орай “Тағылымға толы білім ордасына-50жыл!” тақырыбында қорытынды мерекелік іс-шара өткізілді. Шараға Қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Әлімбетова Орынша Міржақыпқызы, “Өрлеу” біліктілік арттыру институтының директоры Елеусінов Бауыржан Тәжмағанбетұлы, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжімаханов, ”Korkut ata endowment” қорының директоры Маржан Бекзатханқызы құттықтау сөзімен және бірқатар әріптестерімізге АЛҒЫС ХАТ табыстаумен басталды. Шара барысында Үрбибі Батырқұлқызы мен Күлаш Алматшақызы бастаған ардагер ұстаздарымызға, білім ордасынан басшылық қызметке ауысқан әріптестерімізге және мектеп өмірімен тығыз байланыста жүрген түлектерімізге, сонымен қатар 1988 жылы ең алғаш “Алтын белгі” иегері Жағыпарова Нұрсұлу Садыққызына “Көмекбай қорынан” Батыржан Көмекбайұлы 50 жылдық төсбелгісін табыстады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. 50 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған білім ордамыздың абыройы асқақтай берсін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!