Талдықорғандағы орта мектептердің бірінде мұғалім мен оқушы жанжалдасып, ақыры оқытушы жұмысынан кетті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 11 сәуір күні қаладағы №6 мектепте болған. Ағылшын пәні мұғалімі мен 8-сынып оқушысы бір-біріне дауыс көтеріп, тіпті қол жұмсауға дейін барады. Сыныптағы тақтаның алдында болған келеңсіз жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Ұстаз бен оқушы арасында болған жағдайдан кейін әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы шақырылды. Кеңес барысында тараптар татуласып, бір-біріне ешқандай кінә артпайтынын айтты»
, – деп хабарлады Алматы облыстық білім басқармасы.
Алайда, осыдан кейін мұғалім өз еркімен жұмыстан кеткен. Білім басқармасының хабарлауынша, «ол арызында ақпан айынан бері денсаулығы нашарлап жүргенін» жазыпты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!