Таразда «РозАль» жекеменшік балабақшасының басшысы 13 миллион теңге жымқырды деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: stan.kz
Жамбыл облысының прокуратурасы балабақшаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
«Тараз прокуратурасы «РозАль» жекеменшік балабақшасы басшылығының 13 миллион теңгені ұрлау фактісін анықтады. Балабақша басшысы іс жүзінде жоқ балалар үшін бюджет қаражатын алды», – делінген хабарламада.
Осы факт бойынша 25 қыркүйекте Жамбыл облысының экономикалық тергеу департаментіде ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!