К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінде тарих пен тілді тереңінен ұғындыру, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, болашақ жастардың қолында екенін оқушыларға сіңіру мақсатында «Тарих пен тіл тамырлас» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Шара ұйымдастырушы Үсенова Феруза тарих пен тілдің егіз ұғым екенін түсіндіріп, алдын алу жайын тарқатты.
Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндірілді.
Мектеп оқушыларын ізгілікке бастайтын шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!