Алматы облысында тас жолды кесіп өтпек болған бір топ жасөспірімді көлік қақты. Салдарынан 5 бала жарақат алған, деп хабарлайды Экспресс К.
Оқиға Іле ауданында «Алматы-Өскемен» бағытындағы ақылы жол өткелінде болды. Бейнежазбадан жүйткіген көлік бірнеше баланы қағып өткенін байқайсыз. Артынша ес жиған өзгелері орнына кері қайтса, тағы бір қыздың аяғын ұстап жол ортасында қалып кеткенін көруге болады.
Экспресс К аталған оқиғаның мән-жайын білу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұрау салды. Онда оқиғаның 25-ші қараша күні болғанын растады. Жол апатынан 5 бала зардап шеккен. Оның 4-еуі аймақтық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілсе, 1 оқушыға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!