AMANAT партиясы Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында студенттерді Taza sessiya акциясына қатысуға шақырған видео жариялады.
TAZA SESSIYA акциясының басты мақсаты – жоғары оқу орындарындағы жемқорлық фактілерін анықтау және осы бағытта әрі қарай сапалы жұмыс жүргізу. Біз бүкіл ел бойынша 60-тан астам ЖОО мен 30 000-ға жуық студентті қамтуды жоспарлап отырмыз. Барлығы анонимді форматта өтетінін атап өткім келеді», – деді ол.

Jas Otan өкілдері атап өткендей, акцияны өткізуге басқа да мүдделі ұйымдар қосыла алады:

«Акцияны өткізудің басты шарты – адалдық пен анонимдік. Сондықтан әріптестерімізді осы процеске қатысуға шақырамын. Тек бірлесіп қана университеттердегі сыбайлас жемқорлықты жойып, отандық білім беру деңгейін көтеруге үлес қоса аламыз», – деп қорытындылады Нұржан Жетпісбаев.

Айта кетейік, 28-31 наурыз аралығында AMANAT партиясының Жастар қанаты мен Қоғамдық саясат институты бірлесіп Taza Sessiya акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Акцияның мақсаты – ЖОО-да сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау.  Жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын және 14 облысты қамтиды. Сауалнама анонимді форматта жүргізіледі. Акция қорытындысы бойынша парақорлық жайлаған ЖОО тізімі жасалады.

Taza Sessiya акциясын өткізудің соңғы қорытындысы бойынша 64 ЖОО мен 20 710 студент қамтылды, сауалнама қорытындысы бойынша ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық деңгейі 12,5% болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!