Ресейде 9-сынып оқушысы емтиханнан қорыққанынан өзіне қол салып, оны телефонымен бірге жерлеуді өтінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Уфаның Демск ауданында 15 жастағы жігіттің денесі он екі қабатты үйдің астынан табылған. Оқушы ата-анасымен және қарындасымен үш бөлмелі пәтерде тұрған.
Ата-аналар балаларды кешкі онға жуық ұйықтауға жіберген де, өздері теледидар көріпті. Түнгі сағат бір шамасында олар ұлының бөлмесінен салқын жел есіп тұрғанын сезді. Бөлмеген кірсе, ұлы жоқ. Әкесі терезеден қарап, баласын өлі күйінде байқаған.
Кейінірек бөлмеден қоштасу қағазын көріп, онда мектеп оқушысы емтихан тапсырудан қорқатынын және телефонын онымен бірге көмуді сұраған.
“Құрметті әке, ана, менің өмірім осымен аяқталды, өйткені мен өз болашағыма сенімді емеспін. Мен мектеп бітіру сынағын тапсыра алмаймын деп қорқамын…”, – деп жазған оқушы.
Әрі мұғаліміне осы оқиғаны айтуын және ол мұны бірден түсінетінін жазған. Полиция тексеріс жүргізуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!