Түркияның ондаған мың мұғалімі жер сілкінісі аймағында жүр және мектептерде 20 ақпанға дейін сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның Ұлттық білім министрі Махмұт Өзер Твиттер желісінде Кахраманмараш жер сілкінісінен кейінгі мектептердегі білім беру процесі туралы мәлімдеме жасады.
«Біз бастан кешкен жер сілкінісіне байланысты тұтас Түркияда білім беру үзілісін 20 ақпанға дейін ұзартуды ұйғардық», – деп жазды білім министрі.
Сонымен бірге, М. Өзер TRT Haber тікелей эфирдегі мәлімдемесінде ондаған мың мұғалім жер сілкінісі аймағында жүргенін және бұл процесті бұзбау үшін демалысты ұзарту туралы шешім қабылданғанын айтты.
Ресми дерек бойынша, Түркияда зілзаладан көз жұмғандар саны 14 мыңнан асты, тағы 63 мың 794 адам жараланған.
Бүгін кешке Түркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!