Фото: pixabay.com
Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұғалімдер санатын көтеруге арналған сертификатты сатып алды деген күдікке ілінген. Істі құзырлы органдар тексеріп жатыр.
Іске қатысты бірқатар лауазымды тұлға мен жауапты қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ұстаздардың тамыз кеңесінде мәлімдеді.
Қазір білім саласындағы бухгалтерлік сүйемелдеу жұмысын жүргізетін цифрлық платформа ауыстырылып жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында 1 353 артық штат анықталған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!