1 миллион 863 мың теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.

Түркітан облысы Сауран ауданында 12 мектептің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар лицензиялау нормаларын бұзған, деп хабарлайды Отырар.кз.

Дерекке сүйенсек Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Сауран ауданындағы 12 мектеп директорын әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Яғни, білім ошағының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзған.

Департамент басшысы Ғалымжан Алматовтың айтуынша, лауазымды тұлғалар мектептің атауы өзгергеннен бастап 30 күн ішінде лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге өтінішті беруі тиіс. Бірақ аталмыш мектеп басшылығы бұл құжат мәселесін реттемеген. Осыған байланысты Сауран ауданының 12 мектеп директорына 1 миллион 863 мың теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.

Сондай-ақ ведомстводағылар лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге мән бермей жүрген мектеп басшылығына ескерту жасауда.

Фото: pixabay

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!