Қазіргі таңда куратордың алға қойған  ма­ңыз­ды  міндетінің бірі – талабы таудай же­ке тұлғаны білімнің шыңына шығару. Әр оқу­шының қабілетін дамытып, жеке тұлға дәре­жесіне жеткізу үшін жаңашыл педаго­гикалық қызметке басымдық таныту қажет. Осы орайда Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында кешенді оқу мен тәрбие негіз­де­рімен оқыту жан-жақты тиімді қарас­тырылған.

7 сынып оқушыларын  нақты бағыт алуға, 8 сыныпты тереңдетіп оқытуға, 9 сынып оқушыларын нақты пәндер негізінде бағдаралды білім қалыптастыруына, 10 сыныптарда мамандыққа сай шығармашылық ізденіс қабілетін дамыту жұмыстарын жүйелеп, ал 11 сыныпта алған білімін көтеру, яғни таңдаған  мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсуге дайындық жұмысын жүргізуіне маңыз берілуде.

Мектепте өз ісінің маманы, ізденімпаз куратордың шығармашылық жұмыстарға да назар аударуы республикалық, облыстық сайыстарда жоғары нәтиже береді. Ал ол әрбір оқушының өмірде өз қажеттіліктіліктерін анықтай алатын, функционалды сауатты, бәсекеге қабілетті  саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етері анық.

Сәуле БЕКЖАНОВА,

 Е.Әуелбеков  атындағы дарынды балаларға арналған

№4 облыстық мектеп-интернатының

10 сынып кураторы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!