фото: satbayev.university
2024 жылғы негізгі ҰБТ кеше аяқталды. Ұлттық тестілеу орталығы оның қорытындысын жариялады.
Республика бойынша 181 мыңнан астам талапкер (екі мүмкіндікті есепке алғанда 326 мың рет) ҰБТ тапсырды.
Оның ішінде:
Талапкерлердің 75,1% – ы қазақ тілінде, 24,8% – ы орыс тілінде, 168 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті;
шекті балды 76,4%-ға жуық (139 мың) талапкер жинады;
орташа балл – 68 балл;
641 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты;
ең жоғары балл – 140.
Ереже бұзғаны үшін 628 адамның нәтижелері жойылды.
Атап өтсек:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 393 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 188 адам шығарылды;
бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 47 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетейік, биыл 65 мыңнан астам апелляциялық өтініш келіп түсті. Апелляцияны қарастыратын комиссия жұмысын 13-14 шілде аяқтайды. Содан кейін талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді болады.
Сондай-ақ ҰБТ кезеңінде электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 300 мыңға жуық өтініш өңделді.
Атап өтсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда оқуға түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!