Бұл туралы ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Оның айтуынша, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталған. Тиісті шара қолданып, түлектің ұпайы жойылған.
Сондай-ақ ол дәл қазір 100-ден аса жоғары ұпай жинаған талапкерлердің бейнежазбасын қосымша тексерістен өткізіп жатқанын атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!