Коллаж: ulysmedia.kz.

Кентаулық түлек Айдос Қожанов ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 138 бал жинады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің сайты хабарлады. ҰБТ-дағы ең жоғары бал – 140.

Айдос Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінде 10 жыл оқыған. Ал 11-ші сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Болашақта ол математика пәнінің мұғалімі болуды жоспарлап отыр.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысу үшін Түркістан облысынан 27 340 оқушы өтініш берген. Ғылым және жоғары білім министрлігі жұма күні 2024 жылғы ҰБТ-ның аралық нәтижелерін жариялаған еді.

Тестті өткізушілер 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетінін еске салды. Тыйым салынған заттарды пайдаланып, ережелер бұзылған жағдайда тест нәтижесі жойылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!