Ұлттық бірыңғай тесті тапсыруға санаулы күндер қалды. ҰБТ – бұл мамандық таңдауға апаратын жол. Сол үшін оған қалай дайындалудың жолы мен ең жоғары ұпай жинау үшін қандай лайфхактарды білу керектігін  El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі саралап көрді.

ҰБТ бүкіл Қазақстан бойынша оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің ақыл-ойлары мен жүйкелерін жылдан жылға ынталандырады. Біреу үшін бұл қорқынышты арман сияқты, біреу үшін білімді тексеруге және білім беру грантын ұтып алуға жақсы мүмкіндік.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге аз ғана уақыт қалды. Сондықтан бұл сыннан өтіп, жоғары балл жинаған түлектерді сөзге тартып, тесті сәтті тапсыруға көмектескен әсерлері мен лайфхактарымен бөлісуді сұрадық.

Алматы қаласы халықаралық бизнес университетінің (UIB) 2 курсында бизнес-әкімшілік мамандығында білім алып жатқан Назар Салимов ҰБТ-ға қалай дайындалу керек туралы алдын ала көп ақпарат алғанын айтты.

Бірақ соны іс жүзінде қолдана алмадым. Әртүрлі тәжірибеге сүйеніп, соны жасауға болады. Мәселен кішігірім қадамдардан бастау керек. Бір ай немесе бір жылға сағатымен жоспар құрып, күнделікті сонымен жұмыс істеп отырған дұрыс, – деп санайды.

Яғни, түлектің айтуынша күнделікті өміріңе аталған жоспар кері әсерін тигізбеуі қажет.

Бастапқыда қиналып, жүйке-жүйеңді құртпайтындай қадаммен және орташа қарқынмен кіріскен абзал. Себебі бәріңіз білетіндей, адамның жүйкесі өте маңызды қызмет атқарады. Соны сақтап, күннен-күнге дами отыра, білім алу үшін осындай кішігірім жоспар құрып алға қадам басу керек деп есептеймін, – дейді Назар.

Студент тағы бір маңызды дүние бұл жұмыс істейтін және дайындалатын орын дұрыс болу қажет екенін айтты.

Мысалы үйде отырып ҰБТ-ға дайындалатын болсаң, жұмыс столың ыңғайлы болу керек. Яғни, ҰБТ-ға бар зейініңді салған кезде ешбір дүние сені алаңдатпауы қажет. Мен үнемі кітапханаға барып дайындалдым. Бұл жер өте тыныш және өзіңді ыңғайлы сезінесің, – деді ҰБТ тапсырған Назар Салимов.

Ал ҰБТ тапсырғанына алты жылдан асқан, бүгінде Павлодар қаласының оқушылар сарайында көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып жүрген Бәкіжан Хәкім бүгінгі ҰБТ мен бұрынғы ҰБТ-да айырмашылық бар екенін айтты.

ҰБТ тапсырғаныма алты жылдан асты. Әрине бұрынғы жүйе мен қазір айырмашылық бар. Мен тапсырған жылдары ұлттық бірыңғай тестілеу үшін биіктіктен құлап, өз-өзіне қол жұмсағандар болды Соны ескерген болу керек, соңғы жылдары өзгеріп, бір немесе екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді, – дейді ол.

Бәкіжан ҰБТ-ға дайындалған уақытта тест сұрақтарын кәдімгідей жаттағанын тілге тиек етті.

Мәселен Қазақстан тарихынан 500 сұрағы бар дайын тест кітапшалары болатын. Соны қолыма алып, миыма кірсін-кірмесін, қонсын-қонбасын оқи бердім. Әйтеуір сөйтіп жатталып қалатын. Бұл жерде бастысы жүйе болу керек. Маған сол кезде әдебиет пәнінен тест тапсыру қиынға соқты. Өйткені ақын-жазушылардың туған жылы, отбасынан бастап, шығармаларын білу керек болды, – деді.

Сондай-ақ, ол басқа пәндер қазақ тілі, орыс тілі, математикадан қалай тапсырғанын айтып, мамандықты қалай таңдау қажеттігіне аз-кем тоқтала кетті.

Мамандық таңдауға келгенде, менің ойымша 11-сыныптан бастап оқушының қандай салаға құлшынысы бары бірден байқалады. Мәселен математикаға немесе гуманитарлық бағытқа деген сияқты. Гуманитарлық білімдер мен жаратылыстану бағытын екіге бөліп қарастыру керек деп ойлаймын. ҰБТ-дан тест тапсырған кезде маған математика түкке де қажет емес еді. Сол кезде қайда бара жатқанымды, яғни филолог болатынымды білдім, – деді Бәкіжан Хәкім.

Сонымен тестілеуге психологиялық тұрғыдан дайындалуға арналған ең жақсы 5 кеңесті ұсынамыз.

Өзіңізге сенімді болыңыз

Шамадан тыс дүрбелең мен қобалжу артық болады. Тестің барлық сұрақтары мектеп бағдарламасы бойынша құрастырылған. Тесте күрделі және оңай сұрақтар бар. Егер сіз сынаққа мұқият дайындалсаңыз сұраққа оңай жауап бересіз.

Арандатушылыққа бой алдырмаңыз

Аудиторияда сізден көмек сұрайтындар болады. Есіңізде болсын, ҰБТ бұл маңызды және бірінші кезекте өзіңізге қажет емтихан. Сол себепті достық қарым-қатынас орнатпаудан қорықпаңыз және көмек беруден батыл бас тартыңыз.

Миыңыз жақсы жұмыс істеу үшін

Тестіге кірмес бұрын бір ай бұрын өзіңізді қалыптастырыңыз. Дұрыс ұйқы мен тамақтанудың оңтайлы режимін жасаңыз, мүмкіндігінше спортпен шұғылданыңыз, мидың жақсы жұмыс істеуі үшін қан айналымын ынталандыру үшін серуендеңіз.

Елестетіңіз

Бұл қажетті нәтижеге жету үшін керемет жаттығу құралы. Күн сайын тест күнін және емтиханға уақытты қалай бөлетіндігіңізді ойлап, тырысыңыз. Ұпай санының айтылу сәтін елестетіп көріңіз. Сіз қалаған нәтижені айтқан кезде сол сезімді сезінуге тырысыңыз.

Есіңізде болсын

ҰБТ-дағы қанағаттанарлықсыз ұпай әлемнің соңы емес. Оны қайта тапсыруға, келесі жылға қалдыруға немесе басқа жолмен жүруге болады. Емтихансыз-ақ, табысты мансап немесе ірі бизнес құрған адамдар бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!