Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы сынақ тестілеуден онлайн әрі тегін өтуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Тестіленуші сынаққа қатысу үшін prob-ent.testcenter.kz сайтында ЖСН-ін енгізіп, бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.
Талапкер сынақ тестілеуінен өту кезінде тест тапсырмаларымен танысып, таңдалған пәндер бойынша өз білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алып отыр.
Сондай-ақ, онлайн сынақ ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын педагогтер үшін де қолжетімді. Мұғалімдер prob-nqt.testcenter.kz сілтемесі арқылы сынақтан өте алады.
Айта кетейік, биыл түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат беріледі.
Сондай-ақ, биылғы ҰБТ-да ерекше қажеттілігі бар тест тапсырушыларға 40 минут қосылады.
Бұдан былай ҰБТ тапсырушыларға қорытынды балмен бірге тақырыптық талдау қорытындысы беріледі.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылы үшін жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерге 31 мың грант бөлінетінін айтқан болатын.
Ал, наурыздағы ҰБТ-да талапкерлердің 70%-дан астамы шекті балл жинады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!