Видеодан кадр: 24.kz

Алматыдағы бастауыш сынып оқушылары сабақта ұйықтай алады. Сыныптарға арнаулы ұйықтауға арналған парталар қойылған. Енді балақайлар үзіліс кезінде мызғып алса болады, деп хабарлайды NUR.KZ порталы 24.KZ арнасына сілтеме жасап.

Биыл Алматыдағы 15-гимназияның бастауыш сыныптарына түгелдей ұйықтауға арналған парталар қойылды. Енді 20 минуттық үзілісте балалар партасын созып, жатып демалып алады.

Мектеп басшылығының айтуынша, бір орында ұзақ уақыт тапжылмай отыру – бұғанасы бекімеген балаларға оңай емес. Оқушылардың кейбірі алыстан келеді, ерте тұрғандықтан ұйқысы қанбайды. Сол себепті оқушының денсаулығына кері әсер тигізбес үшін осындай параталар орнатылған.

«Оның ерекшелігі – оқушылар қоңырау кезінде 15-20 минут релакс минут өткізе алады. Яғни жатқызылған парталарда ұйықтай алады. Қазір ғана, міне, балалар ұйықтап тұрды. Ол балалардың денсаулығына, сабақта өздерін қалай ұстайтынына, сабақтағы оқу үрдісіне қалай әсер ететінін тәжірибеде бақылап көреміз», – дейді №15 гимназияның мұғалімі Рауан Жанатханова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!