К. Қаракөзов атындағы №235 мектеп -гимназиясында Үсенова Феруза Өсерқызы 6 ”Б” сыныбына 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне орай “Ұлттар достығы” атты ашық тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалғандығы жайлы сөз алып, әрі қарай оқушылар мерекеге сай жаттап келген өлең жолдарын айтып шықты.
“Пазл” әдісі бойынша әр ұлттың мемлекеттік туы мен ұлттық киімдерін құрастырып шықты, және сол ұлттар жайлы өздері білетін ақпараттармен бөлісті.
Ашық тәрбие соңын “Әрқашан күн сөнбесін” хорымен аяқтадық.
Белгіленген мақсатқа жете алды, оқушылары да өте жақсы меңгеріп, тақырыпты алып шықты.




Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!