Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады.
Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді. Атап айтқанда:
• «Назарбаев университеті» ДББҰ жоғары бизнес мектебінде «Қаржы бойынша ғылым магистрі» мамандығы бойынша – 15 грант. Оқу кезеңінің ұзақтығы – 16 ай;
• «Нархоз университеті» КЕАҚ «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекел-менеджмент», «Макроталдау және болжау мамандығы бойынша – 20 грант. Оқу кезеңінің ұзақтығы – 2 академиялық жыл;
• «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Қаржылық тәуекел-менеджмент және деректер туралы ғылым», «Макроқаржы және деректер туралы ғылым» және «Қаржылық технологиялар» мамандығы бойынша – 15 грант. Оқу кезеңінің ұзақтығы – 2 академиялық жыл.
«Бағдарламалар аясында қаржы, экономика, қаржылық технологиялар, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау бойынша мамандар даярланады», – деп жазылған хабарламада.
Бағдарламалар бойынша оқу кезеңі 2023 жылғы тамыз-қазанда басталады деп жоспарланған. Оқуға түсу үшін кандидаттар университеттердің талабы мен өлшемшартына сәйкес, конкурстық іріктеуден өтуі керек.
Оқу аяқталғаннан кейін түлекті Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналастыру көзделген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!