Фото: massaget.kz

Ұлт – жер бетінде өмір сүрген адамның ең үлкен ерекшелікке ие бірлігі. Ұлттың өз алдына басты-басты айырмашылықтары бар. Ол – шығу тарихы, жер меншігі, яғни территория тұтастығы, Отаны. Ұлттың ең басты ерекшелігінің бірі – ана тілінің болуы, салт-дәстүрлері, мәдениеті және халықтық әдебиеті. Бұл құндылықтар – біздің қазақ халқында ғасырдан бері қалыптасып, ұлт бойына сіңіп тұрақтаған қасиеттер.

Ұлттық құндылықтарды қазіргі уақытта жастардың бойына туғаннан бастап бойына сіңіру үшін көптеген жұмыстар жүргізіледі. Отбасында біз ата-анамыздың тарбиесінен, балабақша, мектептен барлық құндылықтарды бойымызға сіңіре аламыз. Аса қадірлі тарихымызды зерттеп, бай тілімізбен сусындай отырып, салт-дәстүрлеріміздің шуағына шомылып өскен біз ұлтымыздың ерекше мәдениетіне қызығамыз. Ана тілімізді құрмет тұтып жаһандануға жұтылып кетпеу үшін оны байытып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру үшін бар күш жігерін жұмсайтын да келешекте жалынды жастар деп түсінемін.

Дүниежүзі тұтасып, әлем әлеуметтік желінің әсерімен түрленіп отырған бұл жаңа ғасырда жастардың басекеге қабілетті болуы үшін ең бірінші қаруы-білім деп айта аламын. Біз білімді болсақ, өз тарихымызды да білеміз, шетелден ешқандай кем түспейтін ана тілімізде де шебер сөйлеп, Отанымыздың әр тасын кеудемізге мөлдіретіп мақтанышпен таға аламыз. Жаһандық бәсеке жүріп жатқан қазіргі кезде біздің өз ерекшелігімізді көрсететін байлығымыз өте көп.

Оны дәріптеп әлемге таныта алу қазіргі жастардың үлкен мақсаты мен ,дағдысына айналса қазақ халқы өз орнын сақтап,мәңгі тұрақты мемлекет болатыны анық.

Димаш Құдайбергенов өзінің әншілік қабілетімен әлемді мойындатса,осындай әр жас спортта болсын, мәдени салаларда, білімде және ғылыми жетістікте өз ұлтын жоғары қоя алады.

Менің бойымдағы ұлттық құндықтар қандай?

Мен бұл сауалға жауап беру үшін өз отбасымнан көрген тарбиемді мысалға аламын. Ана тілімде таза сөйлеймін, әр салтымды қадірдеймін.

Қазағымның тарихын кең танып, тегімді танып білуде ата-бабамызға бас ие білемін.

Әр адам өз басынан бастаса,айналасына құнды қасиетімізді таратса, жаһандық басекеге де қабілетті бола аламыз.

Киім стиліне ұлттық әр беру, музыканы алемге дәріптеу,ғылымда ұлттық тағамды паш ету осы үшін қажет.

Мектеп – ұлттық құндылықты ғылыммен ұштастыратын орта деп білемін. Бұған дәлел ретінде 11-сыныпта облыстық ғылыми жобалар байқауында қорғаған «Алма Қыраубаева және ұлттық мектеп идеясы» тақырыбын қорғағанымды айта аламын. Осы жоба барысында бала әлемдік бәсекеге қабілетті болу үшін мектепте өз ұлтының басқағв ұқсамайтын тарихын, дәстүрін, жерін, тілін қастерлеуінің аса қажет екенін білдім.

Өзім таңдап отырған журналистика саласында да ұлттық құндылығымды әлемге дәріптеймін деп есептеймін. Осы ұстанымым – менің болашаққа салған сара жолымның биік тұғырлы байрағы болып қала береді.

Сара Базарбай

Н.Ильясов атындағы №9 мектеп

гимназиясының 11«А»сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!