Өмір талабы – іздену, үйрену. Ізденсең – табасың, талаптансаң – жетесің, зейін салсаң – ұғасың дегендей бізді осындай жігерлі сөздер алға жетелейді. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда тез шешім таба білетіндей тұлға дайындауымыз қажет. Ол бәсекеге қабілетті, сауатты да, білімді ұрпақ. Сол ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру жолында, маңдай терімді төгіп, адал еңбек ету менің алдыма қойған мақсат – міндетім. Өйткені мен өз мамандығымды ұнатамын, сүйемін. «Ұлағатты ұстаз болу – борышым» деп санаймын.
Осы тұста ұлы Абайдың “Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға” деген өлең жолдары ойға оралады. Біз тәрбиелеп жатқан шәкірттеріміз өмірден өз орынын тауып, бір кірпіш болып қаланып, ұстазынан шәкірті озып жатса, адал еңбегіміздің ақталғаны деп қуанамыз емес пе?! Ұстаздык мамандықты жан-тәніммен сүйгендіктен, алдымдағы шәкірттерім алдында жаңа форматта, терең білім беру борышым деп есептеймін.
Гүлнар НАЙМАНБАЕВА,
І.Қабылов атындағы N12 ІТ мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!