Түркітілдес журналистер қоры 2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» тақырыбына VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын ұйымдастырады.
Медиа форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, Қоғам қайраткерлері, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері т.б. қатысады.
«Медиа және мәдени бірегейлік: БАҚ арқылы түркі әлемінің байланысын нығайту», «Түркі елдері арасындағы цифрлық көпір: PR-дағы жаңа технологиялар, платформалар және құралдар», «Медиабизнестегі тұрақтылық пен инновациялар: болашақтың моделі», «Жаңа дәуір шындығы: БАҚ-тағы жасанды интеллект» тақырыптарындағы отырыстарда түркі әлемі медиасында ортақ ақпараттық алаң қалыптастыру жолдары, мәдени мұралар арқылы түркінің ұлттық құндылықтарын насихаттау, түркі мемлекеттерінің әлемдік аренадағы имиджін нығайту үшін PR стратегиясын үйлестіру, БАҚ-тағы кіріс көзін диверсификациялау, ақпаратты табыс көзіне айналдырудың жолдары, контент дайындау және өңдеу процестерінде жасанды интеллектті пайдалану, т.б. мәселелер талқыға салынады.
Медиа форум шеңберінде ұйымдастырылатын «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбындағы семинар-тренингте Германиядағы «Неміс толқыны» телеарнасы Түрік редакциясының директоры Эркан Арыкан «Deutsche Welle»: жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған видеоларды анықтау» тақырыбына шеберлік сабағын өтеді. Сондай-ақ, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ «Шеврон» компаниясы серіктестігінде ұйымдастырған «Әлеумет – қоғам айнасы»-2025 байқауы мен «Halyk Bank» АҚ серіктестігінде ұйымдастырған «Еркін сөз»-2025 байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Call Centre: +7 775 166 89 20; +7 778 878 3408.
«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзаттың ілгері дамуы үшін қолжетімді, сенімді әрі таза қуат көзі қажет деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, жанар-жағармай және мұнайхимия өндірумен айналысады, бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз мұнай және газ саласындағы бизнесімізді дамыту, өндірістік қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту, жаңа энергетикалық бизнес бағыттарды жетілдіру және инновациялық технологияларды қаржыландыру. «Шеврон» туралы толық ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Қордың жанынан Қазақстандағы Әйел журналистер клубы, Жас журналистер мектебі, Медиа тренерлер мектебі ашылған. Басты мақсаты – қазақ тілінде хабар тарататын БАҚ өкілдерінің кәсіби білігін арттыру.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!