Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева бастаған делегациясы Байқоңыр қаласының әкімшілігіне жұмыс сапарымен барды.

Делегация құрамында рекрутинг және мансап басқармасының басшысы Жандос Оразмаханов, кәсіпкерлік орталығының басшысы Жанарыс Түбекбаев және «Korkyt ata endowment» КҚ директоры Маржан Базарханова болды.
Кездесудің мақсаты – екі жақты байланыстарды жолға қою, өндірістік практикаларды ұйымдастыру, университет түлектерін жұмысқа орналастыру, бірлескен іс-шараларды (оның ішінде бос орындар жәрмеңкелерін) өткізу. Сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу шеңберінде одан әрі бірлескен жұмыстарды тақырыптық талқылау, ғылым мен жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу жұмыстары кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында Майнұр Әбілтайқызы одан әрі өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты нығайту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Ал Байқоңыр қаласы Әкімшілігінің басшысы Бусыгин Константин бірлескен жемісті жұмысқа дайындығын және ортақ мақсаттарды тиімді іске асыруға сенімділігін білдірді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Меморандум бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!