Оқу-ағарту министрлігі «Жайлы мектеп»жобасының жүзеге асырылу барысына қоғамдық мониторинг жүргізбек. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Министрлік тарапынан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын сапалы іске асыру бойынша бірқатар маңызды іс-шаралар қолға алынып жатыр. Біз балалар мен оқытушылардың көңілінен шығатын жаңа мектептер салуды жоспарлап отырмыз. Осы жұмысты әкімдіктермен, бірыңғай оператормен және отандық тауар өндірушілермен бірлесе ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жұмысқа барынша қолдау көрсетуге, әдістемелік сүйемелдеуге дайынбыз. Біз қоғамдық мониторинггі іскее қосуды жоспарлап отырмыз», – деді вице-министр «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Осы ретте Еділ Оспан мүдделі тараптар мен қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшелерін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысын бірлеске қадағалауға шақырды.

Ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаров 2023-2024 жылдары аралығында еліміз бойынша бірінші кезекте салынатын 208 мектептің құрылысына қатысты конкурстық рәсім аяқталғанын айтты.

«Пилоттық ұлттық жобаны іске асыру аясында мектептерді жобалап, салып, жарақтандырып, дайын күйде тапсыру бойынша мердігерлермен 204 шарт жасалды. Қалған 4 мектеп бойынша шарт жасалып жатыр», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!