Балалар мерекесі қарсаңында Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Темірбекұлы ардагерлермен бірге тірек-қозғалыс аппараты бұзылған ерекше жағдайдағы балаларға арналған күндізгі стационар орталығының лентасын қиып, жаңадан ашылған орталық қызметін пайдаланушы балалармен пікір алмасты.
Ата-аналарға орталықта балалар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын жеткізіп, бүлдіршіндердің сауығып кетуіне тілектес екенін айтты. Орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетеді.
Жас түлектерге артар сенім мол
Биыл алғаш рет 1 маусымда еліміздің барлық оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтуде. Бүгін аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің соңғы қоңырау салтанатына қатысып, мектеп түлектеріне сәттілік тіледі. Аудан әкімі білім бәйгесінде оқушыларымыздың жыл сайын үздіктер қатарынан түспей келе жатқанын сөзге тиек етіп, осы жылы да сенім үдесінен шығатынына сенім білдірді. Ш. Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте 400 оқушы білім алуда. 2023 жылы 19 оқушы мектеп түлегі атанды.
656 оқушыға жазғы тынығу лагеріне жолдама берілді
Аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлының қатысуымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті.
Алдымен Асқарбек Темірбекұлы орталық алаңда бүлдіршіндердің қолөнер көрмесімен танысып, ғылым мен білімге бағыт алған жас ғалымдардың жобаларын тыңдады. Балық балаларға аудан әкімі өзінің жүрек жарды ақтілегін білдірді.
Сондай-ақ, мерекелік концертте аудан тұрғындарын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, 656 оқушыға жазғы тынығу легерлеріне жолдама берді.
«Бала әрбір ата-ананың бақыты. Осы бүлдіршіндеріміз сапалы білім алып, еркін өмір сүруі үшін біздер еңбектенеміз. Балалар үшін мықты болып, балалар үшін ерлікке барамыз. Себебі ертеңгі елдің егелері, болашағы осы сәбилеріміз», – деді аудан әкімі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!