Қызылорда қаласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен инновациялар саласындағы стартап жобаларды қолдауға бағытталған DEEPSCALE инкубациялық бағдарламасы іске қосылатынын хабарлаймыз.

 Бағдарламаның басты мақсаты – MVP деңгейіндегі стартаптарды келесі даму сатысына шығару. Егер сіздің стартапыңыз MVP деңгейінде болса және pre-seed/seed инвестицияларын тартуды жоспарласаңыз, онда бұл бағдарлама сіз үшін тамаша мүмкіндік.

Инкубациялық бағдарлама аясында қатысушыларға прототип дайындау, нарыққа шығу стратегиясын әзірлеу, тиімді сату жүйесін құру үйретіледі. Сонымен қатар стартап иелері тәжірибелі менторлар мен сала сарапшыларынан практикалық кеңес алып, өз жобаларын кәсіби деңгейде дамыта алады.

DEEPSCALE – бұл стартапты идеядан нақты бизнеске айналдыруға арналған кешенді платформа. Бағдарлама 2025 жылдың 26 наурызы мен 18 сәуірі аралығында өтеді. Қатысу форматы – онлайн және офлайн.

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 11.

Айта кетейік, бағдарламаның ұйымдастырушылары – Қызылорда облысының ақпараттық технологиялар орталығы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Kyzylorda Business Hub.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!