Жаңа оқу жылында Семейде екі мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап «Биыл қыркүйек айында Шығыс кентінде 1200 орынға арналған мектеп, ал Степной ауылында 300 орындық білім ордасы ашылады», – деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметі. Әкімдік мәліметінше, бүгінде екі мектептің де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Еске сала кетейік, бұған дейін Семейдегі мектептердің бірінің төбесі опырылып, төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhana-oku-zhylynda-semeyde-eki-mektep-ashylady_a3955945
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!