Әлеуметтік желі қолданушысы Марфуға Шапиян өзінің парақшасында жеті айда қазақ тілін меңгерген жапон қызымен тілдескен видеосын жариялады деп хабарлайды turkystan.kz.
Мисаки есімді қыз Қазақ ұлттық университетінде жүріп қазақ тілін үйренген. Оның видеосы әлеуметтік желіде көптеген қаралым жинады.
«Қазақстанды жақсы көремін. Жеті жыл бұрын алғаш Алматыға келдім. Сол кезде қатты ұнады. Бірінші орысша үйреніп бастадым. Қазақтарға жақын болу үшін қазақ тілін үйрендім. Маған қазақтар ұнады. Өте мейірімді және қонақжай», – дейді Мисаки.
Сонымен қатар ол қазақтың еті мен қазысы ұнағанын айтады. Қазір өзіне Айгүл деген қазақша есім қойыпты. Оның себебін де түсіндіріп өтті.
«Шын атым – Мисаки. «Ми» деген – әдемі деген сөз. Ал «Саки» деген гүл. Сол үшін «Әдемігүл» деген аттың қазақшасын іздеп, Айгүл деген атты таптым», – дейді ол.
Жапон қызының айтуынша, Жапонияда Қазақстан туралы ешкім білмейді. Сондықтан Қазақстанды көп адамға таныстыруды мақсат етіп отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!