Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен Байкен-U және Хорасан-U компанияларының арасындағы екі жақты меморандум аясында Ғылым және академиялық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту  бағытында кәсіпорындардың жауапты қызметкерлері, арнайы мамандары университет ғалымдарымен кездесті.

Дөңгелек үстел басында ұйымдастырылған шараға «Байкен-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Смаилов Ербол Қабылбекұлы, адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы Тәуіпбай Абзалбек Сұлтанбекұлы және «Хорасан-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Айдүйсенов Бағдат Абжаппарұлы,  бас геологтың орынбасары  Ажихан Айдос, техникалық бөлімнің өндіріс бастығы Калиакпаров Берік және университеттің ғалымдары, профессор-оқытушылары мен білім алушылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Бөрібаева Майнұр Әбілтайқызы  аталмыш шараның өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта кәсіпорынмен ортада маңызды зерттеу жобаларына қолдау табылатынына сенім білдірді.

Ал, Байкен-U ЖШС бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары  Смаилов Ербол Қабылбекұлына  университет ғалымдарымен өткізіліп отырған шараның маңызы зор екенін жеткізді. Алдағы уақытта сала бойынша түйіткілді мәселелерді университет ғалымдарымен бірлесіп шешу үшін жоспарлар жасау маңыздылығына тоқталды. Ғылым мен ғылыми жаңалықтарды коммерциаландырудың өзектілігіне тоқталып, шараның тигізер әсері мен берер пайдасының зор екенін жеткізді.

«Хорасан-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары  Айдүйсенов Бағдат Абжаппарұлы университет түлектері мен бітіруші студенттердің кәсіпорын базасында өндірістік тәжірибеден өтуге шақырды. Ғылымда дамыту мен ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу қажеттіліктерінің маңызына тоқталып, ғалымдар пікірлері мен ұсыныстарына баса назар аудару қажет екендігін жеткізді.  Алдағы уақытта жас мамандардың жұмыспен қамтылуына, жергілікті оқу орындарының түлектерінің осы өңірде жұмыспен қамтылуына мүдделі екендігін сөз етті.

Шара барысында сала бойынша пікір алмасу мен сұрақ-жауаптарға уақыт беріліп, тиімді тәжірибе алмасу мүмкіндіктері болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!