Ел болашағы үшін маңызды саналатын саяси науқанда жастардың белсенділігі жоғары.
Мәселен, бүгіе Тараз қаласында шекара қызметінде болып, Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген Ү.Түктібаев ауылының тұрғыны Толағай Жайнарұлы бүгінгі сайлауда өз таңдауын жасады.
-Бүгін көппен бірге сайлауға келіп еліміздің жарқын болашағы үшін, ауылымыздың өсіп, өркендеуі сондай-ақ, еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілік үшін дауыс бердім. Менің таңдауым, берген дауысым елдің болашағы үшін маңызды, – дейді жас сарбаз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!