Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңінде заман көшіне ілесіп, зайырлы қоғамды қалыптастыруға үлес қосу – әрбір жеке тұлғаның мақсаты. Ол бәсекеге қабілетті ел қатарынан көрініп, қанатымызды кеңге сермеуге жол ашады. Бүгінгі таңда әрбір азаматтың кәсіби шеберлігіне, білім өрісінің көкжиегіне, зияткерлік және ой-парасатының шыңдалуына жаңа технология әсер етуде. Жаһандану дәуірінің бір бұрышында қалып қоймас үшін білім қоржынымызды ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, зерделі ой-санамызбен толықтыра түсуіміз қажет. Елдегі білім беру реформасының нәтижесін берер тұсы да осы болса керек.

Қазіргі таңда білім беру мекемелері мен ұстаздарға бірқа­тар талап қойылуда. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көптілді педагог кадрларды дайындау іске асырылуда. Бағ­дарламаны жүзеге асыру базалық пәндер циклында шетел тілінен сағаттар санын арттыру, типтік бағдарламарға өзгерістер енгізу арқылы жүргізілуде. Әсіресе пәнді үш тілде оқытатын педа­гогикалық кадрларды дайындау басты назарда. Коуч сабақ өтетін ұстаздарымыздың саны мен сапасы артты. Мектеп тренерлері курстан өтіп, өз тәжірибелерімен білім алаңдарында бөлісіп келеді. Мектептерде жоғары сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін ағылшын тілінде оқыта отырып, білім алушылардың әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдай жасалуда. Орыс мектептеріндегі «Қазақстан тарихы» пәні қазақ тілінде жүргізілсе, қазақ мектептеріндегі «Дүниежүзі тарихы» пәні орыс тілінде жүргізілетіні көңіл қуантады. Осының негізінде әрбір жасампаз жеткіншек үш тілде еркін сөйлей ала­тын, зерек ойлы тұлғаға айналмақ.

Аида ҚАЛИЕВА,

Ә.Құдабаев атындағы №197 мектептің ағылшын пәні мұғалімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!