М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Музыкалық білім беру мамандығының» МБ-В-21 тобы «Иманның кілті – жүректе» атты жастарға рухани сабақ боларлық, тәлімі мол тамаша шараны өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты – жастарды ізгілікке тәрбиелеу, діни сауатын арттыру.
Шарада «Адаспашы бауырым» атты қойылым көрсетілді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өз сөзінде «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтқан. Бұл ұлағатты сөз адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырын ашып көрсетеді. Сондықтан жастардың тәні сау, жаны рухани бай, жүрегі иманды, адамгершілігі мол болып өсуі – қоғамның көрсеткіші болмақ. Демек ортақ қоғамның игілігіне әрбіріміз жауаптымыз.
Мөлдір АЛДАНАЗАРҚЫЗЫ,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!